1 шілдеде Қазақстан Қарулы күштерінде сержанттар күні атап өтіледі. Бұл кәсіби мереке 1996 жылы 1 шілде күні құрылған Кадет корпусының құрметіне белгіленген. Кейін бұл оқу орны Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжі болып қайта ұйымдастырылды. Сержанттардың кәсібилігіне әскери дайындық деңгейі, әскери тәртіптің жай-күйі және жеке құрамның моральдық-жауынгерлік рухы тікелей байланысты.


Сержанттар – кіші командирлер буынының өкілдері әрі командалық құрамның ең көп бөлігін құрайды. Олардың міндеттері сан қырлы әрі жауапты. Сарбаздарға ең жақын командир ретінде сержанттар олардың тәрбиесі мен әскери даярлығына тікелей жауап береді. Күн тәртібіндегі іс-шараларды ұйымдастыру, жас сарбаздарды жеке даярлау мен әскери іске үйрету негізінен сержанттарға жүктеледі.