«Конституция негіздері» және «Жеке қауіпсіздік». Алдағы жаңа оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына осындай пәндер мен курстар енгізіледі. Бұған дейін таңдау курсы болған «Құқық негіздері» енді жаңа Ата заң қағидаттарына сай жаңартылып, барлық оқушы үшін міндетті болады. Қажетті кітаптар тамыз айының соңына дейін мектептерге жеткізіледі деді оқу-ағарту министрі.