Қаратау қаласында 3 блокты тағы бір жаңа үй бой көтерді. Жекеменшік құрылыс компаниясы салған бұл баспана аудандық балансқа өтіп, енді пәтер кезегінде тұрғандарға беріле бастайды. Сонымен қатар ұзақ жылдар бойы қаңырап бос тұрған «Қаратау» қонақ үйі қайта жаңғырып, әкімшілік ғимараты ретінде пайдалануға берілмекші.


Қаратау қаласында бүгінде 1,5 мыңға жуық адам пәтер кезегінде тұрса, оларға күрделі жөндеуден өткен үйлер беріліп те жатыр. Қаратаулықтар онымен де шектеліп қалмай, жаңа үйлерді де салуға кіріскен. Оған үкіметтік пен бірге жекеменшік компаниялар да атсалысуда. Соның бірі 3 мөлтек ауданында биыл салынып біткен 3 блокты тұрын үй.