Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидпен кездесті. Мемлекет басшысы Euronews-тің сенімді ақпарат тарататын беделді медиа ресурс екенін атап өтті. Сондай-ақ, арнаның 2024 жылы Астанада өңірлік кеңсе ашып, Қазақстан мен Орталық Азия туралы хабарларды көбейткенін және ана тілімізде жаңалық тарата бастағанын құптады. Айта кетейік, қазақ тілі - Euronews желісіне енген Орталық Азиядағы алғашқы тіл. Кездесуде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы байланыстар және ел жетістіктерін әлемге таныту бағытындағы бірлескен жобалар сөз болды.