2026 жылы Жамбыл облысында кезектегі азаматтарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджетен жалпы 20,0 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде 2035 тұрғын баспаналы болады. Оның 680-і әлеуметтік осал топтағылар. Бұл туралы бүгін аппараттық кеңесте айтылды. Жалпы, халықты баспанамен қамту – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Сағызша созылған тұрғын үй рәсімдеуді аймақ басшысы сынға алды. Жауаптыларға мәселені бірлесе атқаруды тапсырды.
Бүгінде аймақта 15,0 млрд. теңгеге 2 941 пәтерлі 66 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл қорытындысымен 1 685 пәтерге арналған 35 тұрғын үйдің құрылысы аяқтау жоспарлануда. Қазір Тараз қаласы 15 мөлтек аудандағы 125 пәтерлі 2 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, Асқаров көшесі алқабында 1 176 пәтерлі 30 көпқабатты әлеуметтік кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы басталды.