6 шілде – еліміздің басты мерекелерінің бірі Астана күні. Айтулы күнде Таразда ауқымды мәдени-көпшілік іс-шара өтті. Концертке қала тұрғындары мен қонақтары белсене қатысып, мәдениет өкілдері өнерлерін паш етті.
Астана күні – Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды күндердің бірі. 1997 жылы ел астанасы Алматыдан Ақмолаға көшіріліп, 1998 жылы Елбасының Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Содан бері 6 шілде – елорданың ресми мерекесі ретінде аталып өтеді. Осыған орай қалада ұйымдастырылған мерекелік концертте патриоттық әндер шырқалып, ұлттық би мен дәстүрлі музыка орындалды. Тіпті, ұлттық спорт ойындарынан түрлі шаралар да ұйымдастаралыпты. Осылайша, мәдени іс-шара қала жұртшылығына ерекше әсер сыйлады.