Меркілік шебер Гүлнар Лебаева ұлттық қолөнерді замануи дизайынмен ұштастырып, кәсібін дөңгелетіп отыр.Ерекше әдіспен тігілген құрақ көрпелеріне тапсырыс жыл санап артып келеді.Қазіргі таңда кәсіпкер бес адамды тұрақты жұмыспен қамтуда.
Шебердің қолөнермен айналысып келе жатқанына он жылдан астам уақыт болыпты.Ол бұл өнердің қыр-сырын алғаш анасынан үйренеді. Кейін тәжірибесін жетілдіріп, шеберлігін шыңдай отырып, жеке кәсібін ашады. Бүгінде өз ісін табысты жүргізіп келеді.Гүлнар Лебаева негізінен құрақ көрпелер тігумен айналысады. Алайда ол дәстүрлі бұйымдарды сол қалпында ғана емес, бүгінгі заманның сұранысына сай жаңа үлгіде әзірлейді. Сұраныс та жыл санап артуда.