Бүгін Жамбыл облысы активінің кеңейтілген жиыны өтті. Басқосуда жаңа Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру және оның қоғам дамуындағы маңызы жан-жақты талқыланды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым және өңір тұрғындары қатысты. Жиында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Ата Заңның мәні мен маңызын халыққа кеңінен түсіндіру – құқықтық сананы қалыптастырудың басты тетігі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол заң үстемдігін нығайтып, құқықтық мемлекет қағидаттарын орнықтыруда Конституцияның айрықша рөл атқаратынын жеткізді.


Жиынды ашқан өңір басшысы елдің және Жамбыл облысының одан әрі дамуына негіз болатын басым бағыттарға тоқталды. Бұл міндеттерді жүйелі түрде іске асыру мемлекеттік институттардың тиімділігін арттырып, басқару жүйесін жетілдіруге серпін береді. Сондай-ақ өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізеді.