Ел тарихында тұңғыш рет әкімшілік рақымшылық жарияланбақ. Бұл ТМД елдері арасындағы тұңғыш тәжірибе. Құжатқа сәйкес, қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін қылмыстық құқықбұзушылықтарға да амнистия жасау көзделіп отыр. Жалпы еліміз еңсесін тіктегелі 11- рет жарияланып отырған кеңшілікке кімдер ілігеді?


Әкімшілік рақымшылық – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ғана емес, ТМД кеңістігіндегі тұңғыш тәжірибе. Заң күшіне енсе, биылғы 17 наурызға дейін төленбеген айыппұлдардың бір бөлігі автоматты түрде есептен шығарылады. Азаматтарға қосымша өтініш берудің қажеті жоқ, барлық рәсімдер цифрлық жүйе арқылы жүзеге асырылады.