Экономикадағы өсімнің басты көрсеткіші - халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы. Былтыр өңірлерге триллиондаған теңге бөлініп, жаңа мектептер, ауруханалар, жатақханалар мен тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Жол құрылысының қарқын алуы да елді мекендер арасындағы байланысты күшейтіп, тұрғындардың өмір сапасына оң әсер етіп отыр. Бүгін Мәжілісте 2025 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы жайында есеп берілді.
2025 жыл Қазақстан экономикасы үшін серпінді кезең болды. Ел экономикасы 6,5 пайызға өсіп, соңғы жылдардағы жоғары көрсеткіштердің біріне қол жеткізді. Бұл өсімнің артында жаңа мектептер мен ауруханалар құрылысы, тұрғын үй көлемінің артуы, жол инфрақұрылымының жаңаруы және өңірлерді дамытуға бағытталған ауқымды жобалар тұр.