Халықты жұмыспен қамту үшін шағын кәсіпкерлікке үкімет жан-жақты қолдау көрсетуде. Мәселен, «Бастау бизнес» жобасы аясында осы уақытқа дейін қаншама кәсіпкер жеңілдетілген несие алып, өз кәсіптерін ашуда. Бұл игі іс Таразда жақсы қарқын алып, біраз жұмыссыз азамат өз кәсібін ашты.


Қазір армандаған ісінді жүзеге асыру үшін көптеген мүмкіндіктер қарастырылған. Тек ниет пен талмай еңбек етсен болғаны. Оған мемлекеттен де түрлі қолдаулар бар. Мәселен, Тараздық көпбалалы ана Тоты Керімжанқызы үйде отырып жартылай фабрикат жасаған. Қазір мемлекеттен грант алып, шағын асхана ашып өз кәсібін ашқан.