Өткен жылы Байзақ ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 118 жоба қаржыландырылды. Биыл бұл бағдарламаға 841,2 млн. теңгені құрайтын 91 жоба ұсынылып, оның 42-сі мақұлданған. Мемлекеттік қолдаудың арқасында жеңілдетілген несиемен тұрғындар шағын кәсіп ашып, тірліктерін түлетіп отыр.
Осыдан 7 жыл бұрын пилоттық жоба ретінде басталған бағдарлама қатысушыларының саны артып келеді. Мәселен,биыл 42 жоба мақұлданып, оның 28-і қаржыландырылған. Несие алған тұрғындар бүгінде балабақша, шағын цех,көлік жөндеу орталықтарын ашып, кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Халықтың табысы артып, өз-өзін жұмыспен қамтуда.