Қазақстанда сталкинг бойынша жыл басынан бері 83 қылмыстық іс сотқа жолданған. Ал некеге мәжбүрлеу дерегімен 19 іс қаралып жатыр. Бүгін Мәжілісте осы бағыттағы жаңа нормалардың қолданылу тәжірибесі талқыланды. Депутаттар мен құқық қорғау органдары жауапкершілікті күшейту мәселесін көтерді.
Елімізде сталкинг пен некеге мәжбүрлеуді қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң былтыр күшіне енді. Негізгі мақсат – азаматтардың жеке өміріне қол сұғатын әрекеттердің алдын алып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.