Мойынқұм ауданында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жаңа еңбек маусымы басталды. Биыл жоба аясында 110 жас жұмыспен қамтылып, ауданның көркеюіне өз үлесін қосады.


Жазғы маусымда жастар аудан аумағындағы аллеялар, скверлер, ескерткіштер мен демалыс орындарында абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар елді мекендердің көркін арттырып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған.Бағдарлама бойынша маусым айында 40 жас еңбекке тартылса, шілде және тамыз айларында 30 ЖУЫҒЫ жұмыспен қамтылады. Биыл жоба аясында 110 жас жұмыспен қамтылып, ауданның көркеюіне өз үлесін қосады. «Жасыл ел» жобасы жастарды еңбекке баулып қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және туған жерге деген құрметті арттыруға мүмкіндік береді,-дейді мамандар.