Тарих пен дәстүр тоғысқан Тараз бүгінде тек көне шаһар ғана емес, ұлттық өнерді ұлықтаған қолөнершілер қаласы ретінде танылып келеді. Ұлттық мұраны дәріптеген шеберлер еңбегі қала келбетін айшықтап, мәдени құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізуге қызмет етуде. Сондай жанның бірі құмырашы- Әсем Жылгелдіқызы.
Тараз 2022 жылдан бері Дүниежүзілік қолөнершілер тізіміне енген Қазақстандағы алғашқы қала. Бұл мәртебе өңірдегі ұлттық қолөнердің дамуына жаңа серпін беріп, жастардың талантың шындауда. Сондай жанның бірі- Әсем Жылгелдіқызы. Ол мемлекеттен грант алып, өз шеберханасын ашты.