Лагерлердің жұмысын жетілдіру қажет. Осы бағытта Таразда педагогтар және лагерь жетекшілерінің басын қосқан семинар өтті. Семинарда мектеп жанындағы 30 лагердің жетекшілері тәжірибе алмасып, ойларын ортаға салды.
Қалада 80 білім ұясының жанынан жазғы лагерь ашылды. Олар 3 бағытта жұмыс атқаруда. Мәселен, күйіз үйлі, шатырлы және шығармашылық бейінді. Семинарға келген қонақтарды алдымен ұлттық нақыштағы көрме қарсы алды. Қазақы үйде халқымыздың дәстүрлі тағамдары ұсынылып, оқушылардың қолөнер туындылары қойылған. Осылайша ұлттық құндылықтарды дәріптеудің нақты үлгісі көрсетілді.