Жуалы ауданында биыл жалпы құны 7,7 миллиард теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде туризм саласына бағытталған 3 жобаның жалпы құны 3,2 миллиард теңгені құрайды. Бұл бастамалар Көксай секілді табиғи демалыс орындарының инфрақұрылымын жетілдіріп, ауданның туристік әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Жуалы ауданының әкімі ауданның төрт айдағы даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында мәлімдеді.


Аудан басшысының айтуынша, инвестициялық жобалардың қатарында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм салалары бар. Аталған жобалар іске қосылған жағдайда жаңа жұмыс орындары ашылып, өндіріс көлемі артып, жергілікті бюджет кірісі ұлғая түспек.