Еліміздегі жоғары оқу орындарының бірінде "Конституционализм және цифрлық құқық" ғылыми-зерттеу институты құрылады. Бүгін белгілі ғалымдар, заңгерлер мен білім беру саласының мамандары бас қосып, жаңа институттың мақсат-міндеттерін талқылады. Ғылыми-зерттеу институты заңдар қабылданбай тұрып олардың шикі тұстарын анықтап, шетелдің ең үздік заң ережелеріне сүйене отырып, Конституциялық сотқа маңызды шешімдер қабылдау үшін тәуелсіз ғылыми кеңестер береді. Сондай-ақ, жасанды интеллектті бақылауда ұстауға және халықтың құқықтық сауатын арттыруға көмектеседі. Басқосуда сондай-ақ, жаңарған Конституцияның ерекшеліктері, мемлекеттік жүйені дамыту және интернет кеңістігінде адам құқығын қорғау мәселелері сөз болды.