Зейнетақы жинағын шешу қиындайды. Себебі, ең төменгі шешу шегі өсті. Жаңа талапқа сәйкес, 20 жастағы азаматтың шотында кемінде 6 млн 670 мың теңге, 30 жаста 9 млн 750 мың теңге, 40 жаста 13 млн-нан аса қаржы, ал 50 жаста 18 млн теңгеден жоғары қаражат болуы тиіс. Осы межеден асқан қаражат қана тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсаттарына пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, 40 жастағы азаматтың зейнетақы қорындағы жинағы 15 миллион теңге болса, оның тек 13 млн 370 мың теңгеден асатын бөлігі ғана қолжетімді болады. Егер жинақ көлемі белгіленген шектен төмен болса, қаражатты мерзімінен бұрын пайдалану мүмкін емес.