3 жылда ішкі туристер саны 11 миллионға, сырттан келетіндер саны 4 миллионға жетуі мүмкін. Жауаптылар кешенді жоспар түзіп, бүгін министрлер кабинетіне таныстырды. Биыл Бурабай курорттық аймағында 5 инвестициялық жоба жүзеге аспақ. 5 жұлдызды қонақүйлермен қатар, көшпелілер мәдениетін паш ететін ашық аспан астындағы бірегей музей салынады. Министр сөз арасында іске асқан жобаларға да тоқталды. Мәселен, өткен аптада Балқаш әуежайында күрделі жөндеу аяқталды. Енді Алматы мен Астанадан Балқашқа тікелей ұшуға болады. Билет бағасы бір бағытқа 16 мың теңге. Ол үшін әуе компанияларына жыл соңына дейін 300 миллион теңгеден аса субсидия құйылған.