Қобалжу да, сан күдік те артта қалды. Жас түлектің білімі сын сағатта ақталды. Әлеуметтік желіні шулатқан Жамбылдық Нұрғанат. Ол ҰБТ –дан 140 баллдан 140 ұпайды жинап, 50 млндық пәтерді сыйға алған оқушы. Сонымен, бір сұраққа да кідірмей, ҰБТ-дан ең жоғарғы балл жинаудың құпиясы қандай? 


Тестілеу күні. Толқыныс пен үміт қатар жүрген сәт. Нұрқанаттың жанынан табылған ең жақын жан – ағасы Рүстем. Қуанышты хабарды да алғаш естігендердің бірі сол болды.