«Нашақорлыққа жол жоқ!» Қордайда осындай атаумен акция өтті. Тоғыз жолдың торабындағы ауданда есірткімен күрес күн тәртібінен түспей келеді. Ал, оған қарсы акция өткізу жастардың зиянды әдеттерден алыстау жүруіне сеп болар деген сенім бар.
Акция барысында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, есірткінің адам өміріне тигізетін зияны кеңінен айтылды. Қоғам болып бірлесе әрекет еткенде ғана болашақ ұрпақты қауіп-қатерден қорғай аламыз, дейді аға буын. Бұдан бөлек, «Нашақорлыққа қарсы өмір марафоны» атты велошеру де өтті. Бұл іс шара Нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы Халықаралық күрес күніне орай ұйымдастырылған.