Екі жылда «Таза Қазақстан» жобасы аясында 1,5 мың экологиялық іс-шара өтті. Оған 6,5 миллион адам қатысып, жастар жағы тазалыққа құлшына кірісті. Белсенді азаматтардың ұйытқы болуымен 2 миллион тонна қоқыс жиналып, шамамен 5,5 миллион ағаш отырғызылды – дейді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин. Ал Жамбылдағы тазалықтың нәтижесі қандай? Жастардың жауапкершілігі мен Біздегі көрсеткіштер көңіл көншіте ме?
Акцияның алғашқы жылындағы қорытындылар аса әсерлі болды деп айтуға негіз бар. 2024 жылы «Таза Қазақстан» науқаны аясында елімізде 183 ірі экологиялық шара өткізілді, оларға Қазақстан бойынша 6,2 миллионнан астам адам қатысты, соның ішінде 229 мыңдай ерікті бар. Ал 2026-жылдың соңғы 6 айында Жамбыл облысытық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 488 іс-шара өтіп, оған 11 800 жас қамтылған.