Сонымен қатар жаз келсе, ата-ананың бар ойы, баланың демалысы қызықты да пайдалы өтсе екен,-дейді. Бос уақытын телефонға телміріп емес, шығармашылығын дамытып, спортпен шұғылданып, танымын кеңейтіп өткізгенін қалайды. Бүгінде мектептерде дәл осындай талаптарға бағытталған лагерлер ұйымдастырылуда. Солардың бірі Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия жанынан ұйымдастырылған «Балдәурен» киіз үйлі жазғы лагері.


Биыл лагерь жұмысы екі ауысым бойынша ұйымдастырылып отыр. Алғашқы ауысым 2026 жылдың 1-12 маусымы аралығында өтеді. Бұл кезеңде 15 топ құрылып, 475 оқушыны қамтыған. Оның ішінде 20 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Екінші ауысым 15-27 маусым аралығында өтеді. Мұнда 4 топ жұмыс жасап, 90 бала қатысады. 32 оқушыға ыстық тамақ беріледі.