Ауылда жасалған автотіркеме шетелге сатылуда. Тұрар Рысқұлов ауданында жеңіл көлік тіркемесін тек жергілікті жерге емес, шет елге де шығарып жатқан кәсіпкер бар.
Өрнек ауылдық округіне қарасты Жарлысу ауылында тұратын Азамат Самбетқұлов 2012 жылы аула маңынан көлік тіркемесін жасайтын цех ашыпты. Басында тек өзіне ғана жасаған. Кейіннен барып тіркемеге сұраныс барын көріп, тірлікті мықтап қолға алған. Алғашында тек ауданды қамтамасыз ете бастаса, кейін Шымкент пен Алматы және еліміздің Батыс пен Шығыс өңірінен де тапсырыс түсе бастаған. 750 келіден бастап, 3,5 мың тоннаға дейін тауар тасымалдауға лайықты бұл тіркемелер қазіргі таңда аудандық брендке айналып отыр.