Тараздағы 6-шы мөлтек ауданында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен экологтар күніне арналған экологиялық сенбілік өтті. Іс – шараға шағын аудан тұрғындары, ұйымдар өкілдері мен белсенділер қатысты.

Сенбілік барысында қатысушылар аула мен қоғамдық аумақтарды түрлі қалдықтардан тазартты. Сонымен қатар, жасыл аймақтарды ретке келтіріп ауданды абаттандыруға өз үлестерін қосты. Мұндай іс-шараларды өткізу, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілігін арттыруға және қаланы таза әрі қолайлы өмір сүруге ықпал етеді.