Тараздағы дарынды балаларға арналған білім инновация лицей-интернатында ерекше кездесу өтті. Осыдан 50 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер өздерінің алтын ұясына қайта оралып, бала шақтарын еске алды.

Қазіргі дарынды балаларға арналған білім инновация лицей- интернаты жарты ғасыр бұрын Макаренко атындағы мектеп-интернаты болатын. Бұл Білім ордасында сол кезеңде Жамбылдың үздік шопандарының балалары тәрбиеленіп, білім алған. 1976 жылғы түлектердің басын қосқан кездесу естелікке толы болды. 50 жылдан соң қауышқан сыныптастар өздері оқыған кабинеттерді аралап, партаға отырып, балалық шақтың қызықты сәттерін еске түсірді. Түлектердің біразы кезінде Ленинград, Ташкент, Алматы сияқты ірі қалаларда білім алып, елімізге аянбай еңбек еткен азаматтар. Соның бірі- Абдалы Нұралиев. Бүгінде бұл азаматтардың біразы зейнетте.