Жамбылда полиция қызметкерлері арасында жауынгерлік қару ату бөйынша жарыс өтті. Ғазиз Байтасов атындағы оқу-жаттығу полигонында өткен сайысқа облыстан барлығы 33 қызметкерден тұратын 11 команда қатысты. Мергендік пен кәсіби дайындықтарын сынға салып, өзара кім мықтыны анықтады.
Нәтижесінде АК-74 автоматын ату бойынша ерлер арасындағы жеке есепте І орынды полиция департаменті арнайы бөлінісінің аға инспекторы Мадияр Алимкешов жеңіп алды. Макаров тапаншасымен нысананы дәлелдеу бойынша ерлер арасында І орынды Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының взвод командирі Асқар Ахметов иеленді. Ал, әйелдер арасында Макаров тапаншасын ату сайысында І орынды полиция департаменті арнайы бөлінісінің аға инспекторы Айжан Ракишова алды. Жалпы командалық есепте І орынды Меркі аудандық полиция бөлімі, ІІ орынды Тараз қаласы Полиция басқармасы иеленсе, үздік үштікен Талас аудандық полиция бөлімі көрінді.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдармен бағалы сыйлықтар табыс етілді.