Таразда тұңғыш рет Республикалық жыршылар байқауы өтті. Қазақ халқының бекзат өнерін насихаттауды көздеген жыр додасы еліміздің түкпір – түкпірінен келген өнерпаздардың басын қосты Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасын дәріптеуге арналған республикалық байқау.

Жамбылдғы жыр байқауы екі кезең бойынша өткізілді. Алғашқы кезең онлайн форматта өтіп, үздік деп танылған жыршылар ғана шешуші офлайн кезеңге жолдама алды. Өнер сайысын дәстүрлі ән өнерінің белгілі өкілдері бағалады. Қазылар алқасы қатысушылардың дауыс мүмкіндігіне, жырды жеткізу мәнеріне, сахнадағы еркіндігіне және көркемдік деңгейіне ерекше назар аударды.