Мемлекет тарапынан халықтың денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде.Нәтижесінде Тараздағы бірқатар емханаларға заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы артты. Бүгінде қаладағы №5 емханада цифрлық диагностикалық аппараттар орнатылып, ауруларды ерте анықтау мүмкіндігі кеңейген.
Заманауи технологиялардың игілігін тұрғындар сезініп келеді. Соңғы жылдары емханалардағы медициналық жабдықтар жаңартылып, цифрландыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәселен, бұрындары науқастар еңбекке жарамсыздық парақшасын қағаз жүзінде алса, қазір Egov немесе Enbek HR қосымшасы арқылы ұялы телефоннан алу мүмкіндігі бар.