Көптен күткен қуаныш: Меркіде 30 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Жаңа үйлер бірінші кезекте әлеуметтік осал топтардың өкілдеріне және көпбалалы отбасыларға табысталды.

Меркі ауданындағы Сарымолдаев ауылдық округінде 30 отбасы жаңа қонысқа ие болды. Мемлекет қолдауының арқасында қуанышқа бөленген тұрғындардың алғысы шексіз.