Облысқа арнайы жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрі өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Денсаулық сақтау жүйесін дамыту және алдағы міндеттер» тақырыбында брифинг өткізді. Ашық форматта өткен кездесуде денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, БАҚ қызметкерлерінің сауалдарына жауап берді.
Басқосу барысында өңірдегі медициналық қызметтің сапасы, денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің өзекті мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, МӘМС аясында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.