Көне шаһар Тараз бүгінде тек тарихи мұрасымен емес, жаңа жобаларымен де ерекшеленіп келед. Соңғы бірнеше жылда өңірге келетін туристердің саны 6,7 пайызға артқан. Соған байланысты, өңірде жаңа демалыс орындары мен халықаралық қонақүйлердің құрылысы қарқын алған.
Мамандардың айтуынша өңірге келетін шетелдік қонақтардың қатары көбейіп келеді. Әсіресе олардың көпшілігі Еуропа және Азия мемлекеттерінен келеді. Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек былтырғы жылы облысқа 214 400 турист келген. Оның ішінде ішкі туристер саны 207 597 адамды құраса, шетелдік туристер саны 4803 адамға жеткен. Осындай өсімге байланысты құны 4,2 млрд. теңгені құрайтын Hilton және 6,7 млрд. теңгелік Sheraton халықаралық деңгейдегі заманауи қонақүйлер өз жұмыстарын бастаған.