Пробация есебінде тұрған азаматтар жұмыспен қамтылуда. Қазіргі таңда аймақтағы құс етін өндіретін «Алель Агро» кәсіпорынында 50-ден астам сотталғандар еңбек етуде. Бүгін кәсіпорын жанынан жаңа цех ашылды. Енді сотталғандар жұмыс беруші аумағында тұрып, еңбек ету мүмкінгіне ие болады.
Елімізде сотталғандардың еңбекақысын төлеумен қатар, оларды толық қамтамасыз етуді бизнес өкілдері өз мойнына алып отыр. Ерекше пилоттық жоба алғаш рет Қарағанды облысында басталған. Енді Жамбыл облысында да қолға алынды. Пробация қызметіндегі азаматтар жайлы жатақханамен, тамақпен, арнайы киім және қажетті тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, ай сайын жалақыларын да алады. Ал құқықтық тәртіптің сақталуын өндірістік алаңда қауіпсіздік мекемесінің қызметкерлері тәулік бойы бақылауда ұстайды.