ҚР Денсаулық сақтау министрінің Жамбыл облысындағы іс-сапары жалғасуда. Бүгін Ақмарал Әлназарова Жамбыл жоғары медициналық колледжінде болып, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты.
Жамбыл жоғары медициналық колледжіне келген министр алдымен мұндағы білім беру үдерісімен танысты. Оқу залдарымен, кабинеттерді аралап, студенттердің тәжірибелік даярлық деңгейін көрді.