Өткен демалыс күні «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының штабында су мерекесі өтті. Бассейн спорттық жарыстар мен театрландырылған қойылымдардың алаңына айналды. Су мерекесі Тараз гарнизонының әскери бөлімдерінде қызмет ететін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін бір арнаға тоғыстырды.

Су мерекесінде театрландырылған қойылым қойылды.Теңіз қарақшылары, су перісі, нептун сынды кейіпкерлер балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.Би билеп, қосыла ән шырқады.Ал ата-аналары жарысқа қатысты.Сайысқа Тараз гарнизонының әскери бөлімдерінен сегіз команда қатысып, бақ сынады. Қатысушылар «Командирлік эстафета», доппен жүзу бойынша сынға түсті.Жарыстың ең қызықты кезеңі отбасылық сайыс болды.Бұл кезеңде қатысушылар қашықтықты мүмкіндігінше жылдам еңсеріп, эстафетаны келесі адамға табыстау қажет.