5 маусым – Экологтар және қоршаған ортаны қорғау күні. Таза ауа, мөлдір су, жасыл желек – өмірдің ажырамас бөлігі. Ал осы байлықты сақтап, қоршаған ортаның тынысын бақылап жүрген мамандар бар.

Бүгінде экологиялық мәселелер әлемнің басты тақырыптарының біріне айналды. Климаттың өзгеруі, тұрмыстық қалдықтардың көбеюі, ауа мен судың ластануы – барлығы қоршаған ортаға әсер етуде.