Таразда АИТВ инфекциясының алдын- алуға бағытталған ақпараттық-профилактикалық акция өтті. Жеңіс саябағында ұйымдастырылған шарада дәрігерлер тұрғындарға аталмыш дерт жөнінде жан-жақты ақпарат беріп, ерте диагностиканың маңызын түсіндірді.
«Өз мәртебеңді біл – жақындарыңды қорға!» атты акцияға қала тұрғындары мен жастар белсенді қатысты. Іс-шара барысында мамандар АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен оның алдын алу тәсілдері жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.