Премьер- министр Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және АӨК-ті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бейнекеңеске барлық облыс әкімдері мен жауапты сала басшылары және министрлер қатысты.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егіс науқанының аяқталғаны туралы баяндады. Биыл 23,8 млн гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 180 мың гектарға артық. Президент тапсырмасы бойынша жоғары рентабельді және әлеуметтік маңызы бар дақылдар алқаптарын ұлғайта отырып, егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл кеңеске Жамбыл облысы әкімінң бірінші орынбасары Нұржан Кәлендеров те қатысты. Жамбыл облысында Биыл ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 50,6 млрд. теңге қаржы бөлінген. Жыл басынан бері облыстың 6,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 28,3 млрд. теңге субсидия төленді. Сондай-ақ, қаржы институттары мен микроқаржы ұйымдары арқылы 249 агроқұрылымға 8,8 млрд. теңге несие берілген.Мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында 65,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі - 102,3% құрады. Ағымдағы жылы егіс алқаптарының алаңын өткен жылмен салыстырғанда 12,3 мың гектарға қысқартып, 627,7 мың гектар көлемінде орналастыру жоспарланған.