Мемлекет басшысы елдің басқару құрылымын жүйелейтін 5 конституциялық заңға қол қойды. Құжаттар биыл 15 наурызда қабылданған жаңа Ата заң ережелерін іске асыруға арналған . Ең бастысы – билік тармақтарының өкілеттігі қайта нақтыланып, қоғамның мемлекеттік шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі кеңейеді.
Елдің ертеңі алдымен оның заңдарында жазылады. Көптің қайда бет бұрғанын, болашағын қалай бағамдайтынын Ата заңына қарап-ақ аңғаруға болады. Мемлекет дегеніміз алып машина. Ол алға жылжу үшін тұтас жүйе дұрыс жұмыс істеуі керек. Бүгін президент қол қойған 5 құжат билік құрылымдарының өзара байланысын жаңаша қалыптастыруға бағытталған.