Полицейлерге 88 су жаңа көлік берілді. Жамбыл облысы әкімдiгiнiң қолдауымен Полиция департаментінің материалдық техникалық базасы жаңғыра түсуде. Кезекті салтанатты шараға oблыс әкімі Ербол Қарашөкеев те қатысып, полиция қызметкерлеріне сәттілік тіледі.
Биыл полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жергілікті бюджеттен 3,2 млрд теңге қаралған. Осы қаржының 717,5 млн теңгесіне жаңа автокөліктер сатып алынды. Қуанышты жаңалыққа Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, тәртіп сақшыларына сәттілік тілеп, қызметтік көліктердің кілтін табыстады.