Биыл Жамбыл облысында Мойынқұм ауданының құрылғанына 60 жыл. Ал, даңқты шопан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 130 жыл. Мерейлі датаға орай салтанатты іс шаралар өтті. Айтулы мерекеге облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Парламенті депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.

Мерекелік бағдарлама Мойынқұмның даңқты перзенттері мен еңбек ерлерінің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Жиналған қауым ел игілігі жолында аянбай еңбек еткен азаматтарды құрметпен еске алып, олардың рухына тағзым етті. Салтанатты жиында Мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Отарбаев сөз сөйлеп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауы мен ыстық ықыласын жеткізді.