Аймақта заңсыз жиналған 118 қоқыс үйіндісі бар екен. Ол ғаршытық мониторинг түсірілім арқылы анықталыпты. Жамбыл облыстық экология депатаментінің мамандары, құзырлы орган қызметкерлерімен бірлесіп, кезекті тазарту жұмытары жүргізіп жатқан нүктелерді аралап, бақылап көрді.

Өткен жылдың цифрларын сөйлетсек. Өңірде 304 қоқыс үйінді анықталып, әкімдіктер тарапына 4 млннан аса айыппұл салынған. Рейд пен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде барлығы толығымен жойылыпты. Бүгін «Жібек жолы» ауданында 10-ға жуық техника және 60 – қа жуық жан құрылыс қалдықтарын жинап, сантиралық тазарту жұмыстарын жүргізді.