ТҰҢҒЫШБАЙ ӘЛ-ТАРАЗИ ТАРАЗҒА ШАҚЫРАДЫ. Осынадй атаумен Халықаралық актерлар фестивалі бастауын алды. Қазақстанның халық артисі, профессор Тұңғышбай Жаманқұлов атындағы Фестивальге еліміздің және шетел театрлары да қатысуда.
Тұңғышбай Жаманқұлов – ұлттық театр мен кино өнерінде өзіндік орны биік, сахна өнерінің айтулы саңлағы. Ал, фестивальдің Тараз қаласында өтуінің де өзіндік себебі бар. Өйткені, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театры – мәдениеттің алтын қазығы. Бұл өнер ордасы – қаншама жылдар сахна өнерінің салмағын шыңдап, небір асулы кезеңдерді атқарып, өнер жолында аянбай еңбек етіп келеді.