Мойынқұм ауданында «Өнерлі ұрпақ – жарқын болашақ» атты қорытынды есеп беру кеші өтті. Бұл жолы сахнаға өңірдегі өнерлі өрендер кезек алды. Тағылымы мол кешке ұстаздар, ата-аналар, қонақтар мен өнерлі өрендер қатысты.

Мерекелік кешті - өңірдегі өнерлі өрендердің басын қосқан шығармашылық орталығы ұйымдастырған. Басты мақсат балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, ұлттық құндылықтарды насихаттау және жас таланттардың өнерге деген қызығушылығын арттыру болды.