Еліміздегі су тапшылығы. Әсіресе құрғақшылық қауіпі бар оңтүстік өңірлерді тіршілік нәрімен тұрақты қамтамасыз ету маңызды. Бұл Үкімет отырысында қаралған өзекті мәселелердің бірі. Ал, сол тіршілік нәрін тиімді пайдалану үшін Жамбыл облысында қандай жұмыстар жүзеге асуда?

Су — тіршіліктің тамыры, ал оны үнемдеу — бүгіннің басты талабы. Осыған байланысты Үкімет су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізіп, диқандарды тамшылатып және жаңбырлатып суару тәсілдеріне көшіруге күш салмақ.