Биылғы жыл ауыл еңбеккерлері үшін қолайлы жыл. Күзде еккен бидай мен көктемгі арпа бітік шығып, қант қызылшасынан да мол өнім күтілуде. Мәселен: Меркі ауданындағы «Сыпатай батыр» серіктестігі қазір егіс басындағы негізгі жұмыстарды аяқтап, тамшылатып суару әдісі арқылы алқаптардағы шаруаны ширатып келеді.

Меркі ауданындағы іргелі шаруашылықтың бірі «Сыпатай батыр» серіктестігін ұзақ жылдар еңбек озаты Қанат Шайхиев басқарып, үлкен жетістіктерге жеткізді. Бүгінде оның салған сара жолын, балалары жалғастырып, арпа, бидай, қант қызылшасын егумен айналысып келеді. Ұжым мүшелері биыл да жер анадан мол өнім алуды көздеп отыр. Қазір мұнда ауыспалы егістік арқылы түрлі дәнді дақылдар егіледі.