Елімізде мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесі жаңа деңгейге көтерілді. Енді мемлекеттік қызметке орналасу үшін ұзын-сонар кезек пен қағазбастылықтың қажеті жоқ. Тек онлайн конкурсқа қатысу арқылы мемлекеттік қызметкер бола аласыз.
Бүгінде кез келген жас маман “eQyzmet.gov.kz” порталы арқылы үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметке құжат тапсырып, тестілеуден өтіп, сұхбатқа қатыса алады. Жаңа формат жастарға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Себебі енді үміткерлер әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысып, өз білімін дәлелдеуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсты өткізу қағидалары бекітіліп, 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енді.