Таразда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті. Оған Жамбыл облысының әкімі және аймақтағы тауар өндірушілер қатысып, отандық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабылеттілігі таныстырылды. Көрмеде өңір кәсіпкерлерінің үздік өнімдері көпшілік назарына ұсынылды. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл іс-шараның мәні мен маңызы, кәсіп иелеріне берер мүмкіндігі қандай?

Азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, қолөнер мен өзге де саланың майталман мамандары бас қосқан көрмеге тіпті, жасанды интеллекті негізінде кәсібін жолға қойған іскер азаматтар да келген. Басты мақсат – отандық өнімнің сапасын арттырып, жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсету.