Оқуын тәмәмдайтын студенттердің құлағына алтын сырға. GPA төмен болса жұмысқа тұра алмайсың. Анығын айтқанда, енді мемлекеттік грант негізінде білім алып, GPA 3,33-тен асқан жағдайда конкурссыз мемлекеттік қызметке орналаса алады.

Бұл бастама Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр. Жас мамандар аудан әкімдіктері аппараттарына, ауылдық округ әкімдері аппараттарына, сондай-ақ аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдардың басшылық емес лауазымдарына тікелей тағайындала алады.